Еуропа Суперкубогы. Роналду, Кросс, Родригес негізгі құрамда шығады

Еуропа Суперкубогында «Севильяға» қарсы матчта мадридтік «Реалдың» жаңа ойыншылары арасынан Кейлор Навас қана қосалқы құрамда қалады.

Испаниялық басылымдардың хабарлауынша, команданың жаңа ойыншылары Тони Кроос пен Хамес Родригес негізгі құрамда ойнауға дайын. Шамасы, Карло Анчелотти оларды алғашқы минуттан ойынға қосады.

Аталмыш матчқа мадридтіктердің көшбасшысы Криштиану Роналду да дайын. Бұрынырақ, португалиялық жарақатына байланысты маусымның алғашқы матчтарын жіберіп алады деп хабарланған еді.

Сонымен қатар, дереккөздің мәлімдеуінше, қақпа күзету міндеті Икер Касильяске беріледі. Ал Кейлор Навас қосалқы құрамда қалады.

Естеріңізге сала кетсек, «Реал Мадрид» пен «Севилья» арасындағы матч 12 тамызда Кардиффте өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или