«Торпедо» дәрігері: «Стекловты бір өлімнен аман сақтап қалдық» (ВИДЕО)

«Торпедо» командасының дәрігері Владимир Аловский «Торпедо» мен ЦСКА дәрігерлері Вадим Стекловты қалай аман алып қалғандары жайлы айтып берді.

«Қазір Стеклованы жағдай жақсы. 1-ші қалалық емханада жатыр. Қос ойыншының соқтығысқаны қатты болғандығы сонша, Вадим сол жерде есінен танып қалды. Секірген кезде басымен жерге құлаған және тілі бірден тартылып қалды. Есін тек 4-5 минуттан кейін жиып, жедел-жәрдем көлігінде толыққанды өзіне келді.

Футболшының өміріне қауіп төнді ме? Әрине. Мұндай жағдайда адамға жедел алғашқы көмек көрсетілмесе, өліп кетуі мүмкін. Біз оны бір өлімнен аман сақтап қалдық десе де болады», — деді «Торпедо» дәрігері.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или