Коке: «Барселонадан» бас тарту қиын болды, бірақ мен үйімде қалуды жөн көрдім»

«Атлетиконың» жартылай қорғаушысы осы жазда «Барселона» сапына ауысуы мүмкін болғанын растады, бірақ ол каталондық клубтың ұсынысынан бас тартқан.

«Ашығын айтсам, «Барселонадан» бас тарту қиын болды, бірақ мен тамаша жылдарымды өткізген өз үйімде қалуды жөн көрдім.

Кететін уақытым әлі келмеді, бұл – менің үйім, осында керек екенімді сездім. Клуб маған сенім артып отыр.

Оның үстіне, «Атлетико» мені сатқысы келмеді. Мен бәрімен де келіссөз жүргіздім, қай жақтан алып қарағанда да қызықты ұсыныстар болды. Алайда мен «Атлетико» туралы естеліктерімді қалайша тастап кетемін?», - деді Коке.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или