Станимир Стойлов: «3:1 есебімен жеңуіміз керек еді»

«Астананың» бапкері Станимир Стойлов матчтың нәтижесіне көңілі толмаса да, командасының ойынын ерекше атап өтті.

– Бүгін біз жақсы ойнадық, бірақ нәтижеге көңілім толмады. Үш жүзпайыздық мүмкіндікті пайдалана алмадық, алайда ықласымызды көрсеттік. 3:1 есебімен жеңуіміз керек еді, бұл әділетті нәтиже, бірақ бұған кінәлі тек өзіміз, басқа ешкім емес.

Жуковтың орнына Твумасиді шығарғанымыз сәтті болды, соның арқасында шабуылдарымыз қауіптірек шықты, осыдан кейін Фокси мен Таңат өзара түсінісіп ойнады ғой.

Командада неліктен Кояшевич жоқ? Себебі мен үшін жеке ойыншы емес, ұжым маңыздырақ, ал Кояшевич үшін бәрі керісінше, оның үстіне, мен оған мүмкіндік бердім.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или