АИК пен «Хайдук» Қазақстанға келеді

УЕФА Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңі аяқталып, үшінші іріктеу кезеңінің қарсыластары анықталды. Бұл сында елордалық «Астана» мен қарағандалық «Шахтер» бар. Осы екі ұжымның қарсыластарына көз жүгіртіп өтейік.

«АСТАНА» - АИК

АИК клубы 1891 жылдың 15-ші ақпанында құрылған. Швецияның ең үздік клубтарының қатарында. Швецияның 11 дүркін чемпионы және Швеция кубогын 8 рет ұтқан. Андреас Альм баптайтын жігіттер екінші іріктеу кезеңінде Ирландияның «Линфильд» клубын айналып өтті.

Бұл команданың белді ойыншыларының бірі – Коста-Рика құрамасының 26 жастағы жартылай қорғаушысы Сельсо Борхес. Ол өз елінің ұлттық құрамасы сапында 65 ойын өткізіп, 15 гол соғыпты.

«ШАХТЕР» - «ХАЙДУК»

«Шахтер» өткен жылғы жетістігін қайталау үшін «Хайдукті» жеңуі керек. «Хайдук» Хорватияның ортаңқол клубтарының бірі. 1911 жылдың 13-ші ақпанында құрылған клуб, Югославияның 9 дүркін, ал Хорватияның 8 дүркін чемпионы болған. Сплит қаласының клубы биылғы Еуропа лигасына екінші кезеңнен қосылды. Ирландияның «Дандолк» клубымен кездесіп, жалпы есепте 3-2 есебімен басым түсті.

«Астана» да, «Шахтер» де 31 шілде күні бірінші ойындарын өз алаңдарында өткізеді. Ал қарымта матчтары 7 тамызда қарсыластарының алаңында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или