Фалькао – «Реалда»

Колумбиялық шабуылшы мәнсабын «корольдік клубта» жалғастырады, деп хабарлайды «Спорт-эспресс» АВС-ға сілтеме жасап.

Дереккөздің мәлімдеуінше, «Монако» және «Реал» Радамель Фалькаоның испаниялық клубқа жалға берілуіне келісті. Келісім бір жылға жасалған, кейін мадридтіктердің футболшыны сатып алуға құқы бар. Испаниялық БАҚ-тың хабарлауынша, бұл келісім Радамель трансфер уақыты біткенше жарақатынан айығып үлгерсе ғана жасалатын болады.

Былтырғы маусымда колумбиялық «Монако» сапында 17 матчқа қатысып, 9 голмен көзге түсті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или