«Қайсар» -«Жетісу» қосалқы құрамалар ойынын тікелей эфиреден көрсетеді

«Қайсар» -«Жетісу» қосалқы құрамалар ойынын тікелей эфиреден көрсетеді
<p style="text-align: justify;"> <strong>&laquo;Қазақстан-Қызылорда&raquo; телеарнасы Қазақстан Премьер-лигасының 21-туры аясында өтетін &laquo;Қайсар&raquo; -&laquo;Жетісу&raquo; командаларының қосалқы құрамдары арасындағы ойынын тікелей эфирден көрсетеді, деп мәлімдейді клубтың ресми сайты.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> &nbsp;Жергiлiктi футбол командаларының Премьер-Лигадағы ойынын трансляциялап жүрген елiмiзде үш-ақ аймақтық телеарна бар.&nbsp;&laquo;Қазақстан-Тараз&raquo; былтырдан берi &laquo;Тараздың&raquo; кездесулерiн көрсетiп жүрсе, &laquo;Қазақстан-Павлодар&raquo; биыл &laquo;Ертiстiң&raquo; ойындарын ұсынып жүр. Сондай-ақ биылдан бастап &laquo;Қазақстан-Қызылорда&raquo; телеарнасы да &laquo;Қайсар&raquo; футбол клубының ойындарын тiкелей эфирден көрсете бастағаны баршаға мәлiм болар. Бiрақ Премьер-Лига ойындары өз алдына ғой, &laquo;Қазақстан-Қызылорда&raquo; жаңа деңгейге көтерлдi. Ендi бұл арна көрермендерiне &laquo;Қайсардың&raquo; қосалқы командасының (дублеры) матчтарын да ұсынып тұрмақ. Яғни, 25 шiлде күнi өтетiн &laquo;Қайсар&raquo; - &laquo;Жетiсу&raquo; командаларының қосалқы құрамдары арасындағы ойынды жанкүйерлер жатып алып, теледидардан тамашалай алады. Трансляция уақыты: сағат 22.00 (25 шiлде). Негiзi, ойын 19.00-де басталады. Ал аталмыш командалардың 26 шлде күнi сағат 19.00-де басталатын негiзгi құрам арасындағы кездесуiн &laquo;Қазақстан-Қызылорда&raquo; әдеттегiдей тiкелей эфирден көрсетедi.&nbsp;</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или