Футболға қызығатын жеткіншектер саны 40% ұлғайды

Қазақстан футбол федерациясы «Қазақстан Республикасындағы балалар-жасөспірімдер футболын дамытудың 2012-2022 жылдарға арналған концепциясын» жүзеге асыруды жалғастырып келеді. Бұл инновациялық жоба елімізде жас футболшыларды даярлау проблемасын шешуі тиіс.

Қазіргі таңда елімізде 13 футбол орталығы жұмыстарын жүргізуде. Олар: «Тобыл» (Қостанай), «Ертіс» (Павлодар), «Тараз» (Тараз), «Ордабасы»(Шымкент), «Атырау» (Атырау), «Жетісу» (Талдықорған), «Восток» (Өскемен), «Ақтөбе»(Ақтөбе), «Ақжайық» (Орал), «Шахтер» (Қарағанды), «Астана» (Астана), «Қайсар» (Қызылорда) және «Спартак» (Семей). Бұл футбол орталықтарында 10 мен 18 жас аралығында барлығы 3693 жеткіншек тәлім алуда. Айта кетейік, соңғы бір жылда футболмен айналысушылардың саны 40 пайыз, яғни 1053 балаға артқан.

Жалпы, еліміздегі балалар-жасөспірімдер футболын дамытудың концепциясы Неміс футбол одағымен (DFB) бірлесе жасалған. Бағдарламада басты акцент футбол орталықтарына қойылып отыр.

Футбол орталықтары жергілікті футбол клубтарының құрылымына енеді. Яғни, Премьер-лиганың әр клубы өз құрылымында футбол орталығын ұстауы тиіс. Мұндай талапты Қазақстан футбол федерациясы 2013 жылдан бері қолға алған. Аталмыш жобаның қалай жүзеге асып жатқаны жайлы және футбол орталықтарындағы жеткіншектердің қалай тәлім алып жатқаны жөнінде бізге Қазақстан футбол федерациясы спорт директорының орынбасары Қанат Мұсатаев айтып берді.

kff.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или