«Ақтөбенің» қарсыласы «Динамо» жаңа ойыншылармен толықты

Ел чемпионы «Ақтөбенің» УЕФА Чемпиондар Лигасы аясындағы қарсыласы тбилиссилік «Динамо» бірнеше жаңа ойыншылармен толықты, деп хабарлайды uefa.com сайты.

Қорғаныс шебін бірден екі футболшымен мығымдауды жөн көріпті клубтың бас бапкері Михал Билек. Чехиялық Радек Досоудил осыған дейін «Петржалек» пен «Слован» сапында доп тепсе, Лаша Тотадзе «Славия», «Дьор», «Ломбард-Папо», «Дила», «Динамо» мен «Сиони» сияқты бірқатар клубтарда ойнаған.

«Динамо» сапына тағы да Рафа Гарсия, Рафа Жорда мен Георгий Чиргадзе футболшылар қосылды. 28-жастағы футболшы испаниялық «Райо Вальекано», «Херес», «Луг» клубтарында өнер көрсеткен. Ал Жорда қытайлық «Гуйчжоу Жэньхэ» мен италиялық «Сиена» командаларында ойнаған.

Ал 23 жастағы Чиргадзе болса өткен маусымды «Металлург» сапында өткізсе, одан бұрын MLS лигасындағы «Нью-Йорк» клубында өнер көрсеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или