Твумаси «Астанада»
<p>
<strong>Трансфердің жабылар күні «Астана» қатарына бір ойыншыны қосты, деп хабарлайды елордалық клубтың баспасөз қызметі.</strong></p>
<p>
Клубқа Гананың жас форварды Патрик Твумаси келіп қосылды. Футболшының соңғы клубы пермдік «Амкар» болды. Ресейлік клубтың сапында алты ойынға қатысқан. Енді Твумаси «Астанаға» жалға берілді, ол 18-ші нөмірмен ойнайтын болады.</p>
<p>
Естеріңізге сала кетсек, Патрик былтырғы маусымда да «Астананың» намысын қорғады, сол кезде 11 ойында алаңға шығып, 6 голмен көзге түсті.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или