«Ақтөбе» басшылығы ресми түрде Владимир Никитенконы қызметінен босатты
<p style="text-align: justify;">
<strong>«Ақтөбе» басшылығы облыс әкімімен болған кездесуден кейін бас бапкер Владимир Никитенконың қызметінен кету туралы арызын қабылдады, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Пентакамеондардың Қазақстан чемпионатының соңғы кездесулерде көрсеткен сүреңсіз ойыны клуб басшылығының көңілінен шықпағандықтан Никитенко бапкерді қызметінен босату шешімі қабылданды. Қазіргі таңда командада уақытша жаттықтырушы қызметін Алексей Косалапов атқаратын болады.</p>
<p style="text-align: justify;">
Естеріңізге сала кетейік, Владимир Никитенко «Ақтөбемен» Қазақстан чемпионаты мен Суперкбокты жеңіп алған болатын. Ал соңғы кездесуде оның шәкірттері алматылық «Қайраттан» 7:1 есебімен ойсырата жеңілген болатын. </p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или