«Галатасарай» тізгінін Пранделли ұстады

Түркиялық «Галатасарай» клубының бас бапкері қызметіне Чезаре Пранделли тағайындалды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Италиялық маман бүгін кешке Стамбулға ат басын бұрады, ал ертең клуб басшылығы мен ойыншылармен танысады. Ертең Пранделлиді ресми түрде таныстыру рәсмі өтеді.

Италия құрамасының бұрынғы бас бапкері «Галатасараймен» «2+1» нұсқасымен келісімшартқа отырды, ал жалақы құны 4,5 миллион еуроны құрайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или