Вадим Боровский «Достық» сапында жаттығып жүр

«Шахтер» футбол клубының бұрынғы ойыншысы Вадим Боровский «PROСПОРТ Казахстан» тілшісіне берген сұхбатында алматылық «Достық» сапында жаттығып жүргенін айтты.

Алматылық «Достық» футбол клубының сапында екінші лигада ойнап жүрмін, - деп бастады Вадим. – кәзірде командамен бірге аймақтық біріншілікке дайындалудамыз.

- ҚПЛ-ның командаларынан ұсыныстар келген жоқ па?

- Қазіргі таңда бірнеше командалармен келіссөз жүргізіп жатырмыз.

- Демек, мансабыңызды Қазақстан премьер-лигасындағы командалардың бірінде жалғастырасыз?

- Көрерміз қалай болатынын. Нақты айта алмаймын. Әйтсе де, премьер-лигада ойнағым келеді. Өзімнің соңғы сөзімді әлі айтқан жоқпын.

- Кешегі Еуропа лигасындағы қазақстандық командалардың көрсеткен нәтижесі сізді таң қалдырды ма?

- Жоқ. Бұндай нәтижеге жеткенімізге қуаныштымын. Бұл қазақстан футболының дұрыс бағытта келе жатқанын анғартады. Барлық үш командамыз жеңіске жетті, бұл бұның алдында болмаған оқиға.

- Сіздің пікіріңізше, үшеуіде топтық кезеңге өте алады ма?

- Әрине. Былтырғы маусымда «Шахтер» мұны дәлелдеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или