Қазақстандық арбитрлар Еуропа лигасында төрелік етеді
<p>
<strong>УЕФА қазақстандық арбитрлар алқасын Әзірбайжандағы ойынға тағайындады, деп хабарлайды kff.kz сайты.</strong></p>
<p>
Бүгін, яғни шілденің 3-і күні бас төреші Артем Кучин (Қарағанды) және оның қапталдағы көмекшілері Евгений Бельский (Тараз) мен Рустам Сүйінов (Павлодар), сондай-ақ резервтегі төреші Денис Измайлов (Талдықорған) УЕФА Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясындағы «Габала» (Әзірбайжан) мен «Широки Бриег» (Босния және Герцеговина) арасындағы ойынға төрелік ететін болады.</p>
<p>
Бұған дейін хабарланғандай Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті Олжас Абраев бүгін өтетін Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясындағы Молдовияның «Тирасполі» мен Әзірбайжанның «Интері» арасындағы кездесуге УЕФА өкілі болып тағайындалды.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или