Огай алты айға жазаланды
<p>
<strong>1 шілдеде болған Тәртіптік бақылау комитетінің отырысында қызылордалық «Қайсардың» бас бапкері Дмитрий Огайды дисквалификациялау бойынша шешім шығарды.</strong></p>
<p>
ТБК-нің ресми хабарлауында былай делінген: «Матчтың ресми тұлғасына физикалық қысым жасағаны үшін «Қайсар» футбол клубының бас бапкері Огай Дмитрий алты айға жазаланды, оның бірінші айы – факттік дисквалификация, қалған бесеуі шартты жаза ретінде тағайындалды. Техникалық аймақтан шығып кеткені үшін Огай Д.-ге 200000 теңге айыппұл салынды.</p>
<p>
<em>КФЛ ресми сайтының материалы бойынша</em></p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или