Кака «Миланмен» келісімшартты бұзып, «Орландо Ситиге» ауысты
<p style="text-align: justify;">
<strong>«Миланның» бразилиялық ойыншысы Кака америкалық «Орландо Сити» клубына ауысты, деп мәлімдейді orlandosentinel.com.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Кака бүгін итальяндық «Миланмен» қос тарап келісімі бойынша келісімшартты бұзды. Ал бразилиялық ұзақ ойланбастан америкалық клубқа көшуді шешті. Алайда «Орландо Сити» MLS-те 2015 жылдың наурыз айынан бастап өнер көрсетеді. Ал ол уақытқа дейін Кака бразилиялық «Сан-Паулуға» жалға берілді.</p>
<p style="text-align: justify;">
32-жастағы футболшы спорттық мансабында «Сан-Паулу», «Милан», «Реал» сияқты клубтарда доп тепкен.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или