Гейнрих ташкенттік «Локомотивке» ауысты
<p style="text-align: justify;">
<strong>«Ақтөбе» клубының ойыншысы Александр Гейнрих өзбекстандық «Локомотив» сапын толықтырды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Жазғы трансферлік маусымда «Ақтөбе» басшылығы бұдан бұлай өзбекстандық легионердің көмегіне жүгінбейтінін айтып, футболшымен келісімшартты бұзған еді. Енді Гейнрих ташкенттік «Локомотив» клубымен екі жылдық келісім шартқа отырды.</p>
<p style="text-align: justify;">
Қазақстанға Гейнрих Бірікен Араб Әмірлігінің командасы «Эмирейтестен» келген болатын. «Ақтөбе» сапында Александар 39 ойынға қатысып 12 мәрте көзге түскен.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или