Қашанғы талтайып тұрамыз, біржағына шығайық, ағайын

Қашанғы талтайып тұрамыз, біржағына шығайық, ағайын

Тілге келгенде тітіркенетіндер көп қазір. Біреу оны популизмге баласа, береулерге «ұлттық құндылық» дейді. Тіл – спортта да тіл. «Спорттың тілі – қай тіл» дедік. Ешкім үн қатпады. «Бір атау неге екі түрлі айтылады?» деп те сұрадық. Оған да жауап жоқ. Бәлкім, біреу оқыса, біреу естімеген болар. Атауларды талтайтып қоймай, бір жағына шығарар деген үміт бізде.

Мына «ұлы» көршіміз Ресейге қараңыз. Барлық атау бір тілде, бір нұсқада: «Динамо» – «Динамо», «Спартак» – «Спартак», ЦСКА – ЦСКА, СКА – СКА, «Нефтехимик» – «Нефтехимик», «Локомотив» – «Локомотив», «Сибирь» – «Сибирь», тағы сол секілді. Біздің командалардың атауына қараңыз: «Ертіс» – «Иртыш», «Тобыл» – «Тобол», «Жетісу» – «Жетысу», «Қайрат» – «Кайрат», «Қайсар» – «Кайсар», ал өзгеріссіз жазылатын өзге тілдегі атаулар. Мысалы, «Шахтер», «Цесна», «Гефест», «Спартак», ЦСКА. Құдды бір қазақта атау құрып қалғандай.

Қазақша әріптері жоқ сөз іздеуге тырысатынымыз да сондықтан шығар. Мысалы , « Тараз », «Ордабасы», «Барыс», «Лашын», «Тарлан», «Алматы», «Арлан» деген секілді. «Тобылда» «қазақи» тоғыз әріптің бірі де жоқ, онда неге «Тобол» деп жазамыз? Алып көршілеріміз солай атайды дегеннен бе? Біз егемен ел емеспіз бе? Сонда тәуелсіздіктің құны бір-ақ тиын болғаны ма?

Ал шеттен келген мынадай атаулар: «D&G Milano Thunder», «Los Angeles Matadors», «Bangkok Elephants», «Mumbai Fighters», «Istanbul Bosphorus», «Paris United», «Wuxi Dragons», «Baku Fires», «Mexico City Guerreros», «Leipzig Leopards» неге қалпын бұзбай айтылып-жазылады? Сонда қазақ атаулары қазақ жерінде құнсыз болғаны ма?

Сұрақ көп, жауап жоқ. Неге?

Д.ӘЛІ, «Sport» газеті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или