«Ордабасы» өз алаңында «Шахтерден» басым түсті

Шымкенттік «Ордабасы» өз алаңында қарағандылық «Шахтерді» жеңді.

Ойынның 6-шы минутында қонақтар Андрей Порываевтің голының арқасында есепте алға шықты. Ал бірінші таймның орта тұсында Азат Нұрғалиев 11 метрлік айып добын пайдалана алмады.

Екінші таймның басында Артем Касьянов тараз басын теңестірсе, көзді ашып жұмғанша 2 минуттан кейін Азат Нұрғалиев командасына жеңісті жұлып алып берді.

Матч соңына дейін 2:1 есебі сақталды. Шымкенттіктер жеңістің арқасында алтыншы орында жайғасып, «Ертістен» төрт ұпайға озды.

«Ордабасы» (Шымкент) – «Шахтер» (Қарағанды) 2:1 (0:1)

Голдар: 0:1 – Порываев (6), 1:1 – Касьянов (52), 2:1 – Нургалиев (58)

Пайдаланылмаған пенальти: Нургалиев (29)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или