Патрик ван Лиувен: «Еуропа лигасы қарсаңында тағы трансферлер болады»
<p style="text-align: justify;">
<strong>«Қайрат» футбол клубының спорт директоры Патрик ван Лиувен командаға қосылған жаңа ойыншылар жайлы пікірімен бөлісті.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Естеріңізге сала кетсек, кеше алматылықтар үш бірдей ойыншымен толықты – Виталий Ли, Бауыржан Байтана мен Станислав Лунин.</p>
<p style="text-align: justify;">
«Жас ойыншыларға көп көңіл бөлеміз. Бұл біз таңдаған бағыт. Ли, Лунин мен Байтана – жас талантты ойыншылар. Ли әзірге жарақатынан емделуде. Алдағы уақытта тағы трансферлер болады. Себебі Еуропа Лигасы жақындап қалды, негізгі құрамды күшейтуіміз керек», - деді ван Лиувен «Қайраттың» ресми сайтына. </p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или