Диего Коста «Челсиге» ауысады

Испания құрамасының шабуылшысы Диего Коста болашағы туралы бір тоқтамға келді.

Әлем чемпионатында Чили командасына жол бергеннен кейін Коста «Атлетикодағы» әріптестерімен қоштасты. Шабуылшы ұзақ уақыттан бері келісім-сөз жүргізіп жатқан лондондық «Челсидің» сапына ауысуы ықтимал.

«Енді менің болашағым «Челсиде». Мәңгілік менің үйіме айналған «Атлетикоға» алғысым шексіз», — деді форвард испаниялық БАҚ-қа.

Испания чемпионының сапында ол 2010 жылдан бері өнер көрсетті. Сол кезден бері 93 кездесуде 43 гол салды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или