Қазбек Гетериев: «Қайсар» биыл үздік үштікке таласа алады»

Жазғы маусымаралық үзілісте «Қайсар» әзірге бір ойыншымен толықты. Бұған дейін Ресейдің бірқатар командаларында ойнап, Қазақстанда «Қайрат» пен «Ордабасы» сапында доп тепкен Қазбек Гетериев Сыр командасына қалай келгенін айтып берді.

- Қазбек, «Қайсарға» қош келдің!

- Рахмет! «Ордабасымен» келісімшартты үзгеннен кейін үйіме оралғанмын. Содан «Қайсардағы» досым Кирилл Шестаковқа хабарласып, жағдайды түсіндірдім. Кейіннен клуб басшысы Руслан Балтиевке хабарластық. Тахирович «алдымен әлеуетіңді байқайық» деп команданың Алматыдағы оқу-жаттығу жиынына шақырды. Міне, осылайша «Қайсарға» келіп қалдым.

- 29 нөмірді таңдапсың. Өзіңе осы сан ұнай ма?

- Бос қалған нөмірлердің арасынан таңдағаным ғой. Негізі 33 нөмірді ұнатамын. Бірақ дубльдік командадағы футболшының еншісінде екен бұл нөмір. Содан 29 таңдадым. Өйткені, осы айдың 30-ы күні 29-ға толамын.

- «Ордабасы» және «Қайсар» клубтары арасында не айырмашылық байқадың?

- Әлбетте айырмасы бар. Әсіресе, жаттығу барысында қатты байқалады. «Ордабасыда» жүргенде мұншалықты ауыр болмаған. Мұнда жаттығулар ауыр.

- Шыдай алып жүрсің ба?

- Өзіме осындай жаттығулар ұнайды. Жаттығуда қаншалықты қиын болса, алаңда соншалықты оңай болады емес пе?! Дмитрий Алексеевич футболшылардың босаңсымай, әрдайым тонуста жүргенін қалайды.

- Ал екі клубтың инфрақұрылымы жөнінде не айырмашылық бар екен?

- Екі команданың базаларын салыстырар болсам, «Қайсардыкін» жақсы деп айтар едім. Адамгершілік тұрғысынан келер болсақ, өзің жақсы болсаң, кез-келген клубқа жылдам сіңісіп кетесің деп ойлаймын.

- Қазбек, сен Ресей Премьер-лигасында біраз жыл доп тептің. Қазақстан футболына да сіңісіп үлгердің. Қалай ойлайсың, біздің командалар Ресейдің ең болмағанда Ұлттық футбол лигасында абыроймен өнер көрсете ала ма?

- Қазақстан футболы жыл сайын қарыштап дамып келеді. Алдағы 2-3 жылда еліміздің үздік алтылығы тек Ресей Премьер-лигасының алпауыттарына ғана емес, Еуропа футболының марғасқаларына лайықты қарсылас бола алады деп үміттенемін.

- Кезінде Ресейдің «Алания» командасын алға сүйреп, Премьер-лигаға шығуына көмектестің. Сол кезде өзіңе бейтаныс Қазақстан чемпионатына ауысуға қорықпадың ба?

- Кейінгі кездері «Алания» сапында алаңға аз шығып жүрдім. Қосалқы құрамда қалып қоя бердім. Содан клуб ауыстыру туралы шешім қабылдағанымда Алматының «Қайраты» ұсыныс тастады. Қазақстан футболын ұлттық құрама ойыны арқылы жақсы білетіндіктен көзімді жұмып, Алматыға кетіп қалдым. Қазір бұған өкінбеймін.

- «Қайсарға» қайта оралсақ, «Ордабасыда» жүргенде қызылордалық команда жайлы қандай пікірде болдың? Маусым басында «Қайсардан» осындай нәтиже күтіп пе ең?

- Маусым басында мен ғана емес, барлық жанкүйерлер «Қайсарды» үздіктер қатарында болады деп ойламаған шығар. Шынымен де таңғалдырды. Ал қазір өзім осында ауысқандықтан емес, ел футболын жақсы білетін азамат ретінде айтарым, «Қайсар» қазір турнир кестесінде өз орнында. Тіпті, бұдан да биікте тұратын мүмкіндігі бар еді.

- Ал команданың әлеуеті қаншаға жетеді деп ойлайсың?

- Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша үздік үштікке таласа алатындығымызға сенімдімін.

- Сенің ойыңша, команданың осындай нәтижелер көрсетуі ненің арқасында деп ойлайсың?

- «Қайсар» маған 2010 жылғы «Спартак-Нальчикті» көз алдыма әкелді. Ол кезде де «Спартак-Нальчикте» соншалықты жұлдыздар болмаған. Бірақ бастысы тәртіп болды. Соның арқасында Премьер-лигасында атой салғанбыз. «Қайсарда» да сол секілді болып тұр. Дмитрий Алексеевич мұнда тәртіп орнатып, тер төкпеген футболшы алаңға шықпайтынын білдірді. Егер сен «Қайсарда» ойнағың келсе, онда бар өнеріңді паш етуің керек.

- Бірақ «Ордабасы» төрт ұпай алған «Ақтөбе» «Қайсар» үшін алынбас қамал болып тұр. Екі ойында да ірі есеппен жеңілдік. Қалай ойлайсың, ел чемпионын тізе бүктіру үшін не істеу керек?

- Иә, біріншісінде «Ақтөбені» Шымкентте 1:0 есебімен жеңгенбіз. Алайда шынын айту керек, сәттілік жолдас болды бізге. Бірақ өткен турда да «Ордабасы» «Ақтөбемен» түзде тең ойнапты ғой. Жеңілмейтін команда жоқ. Осы жолы жеңетінімізге сенімдімін. Ол үшін барлық футболшы алаңда соңғы күштері қалғанша жанталасулары керек.

- Бразилияда өтіп жатқан Мундиалға тоқталсақ. Қай команда чемпион болады деп ойлайсың?

- Алғашқы қарқындарын көрдік қой барлық команданың. Меніңше Германия биыл кубокты алатын секілді. Ойын өрнегі керемет.

-Ал қай командаға бүйрегің бұрады?

- Испания болатын. Ойындары ұнайды. Әттең, ерте ұшып кетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или