Владимир Никитенко: «Жеңісті уысымыздан шығарып алдық»

«Ақтөбе» клубының бас бапкері Владимир Никитенко «Ордабасымен» болған ойыннан кейін баспасөз-мәслихатында өз ойымен бөлісті.

«Біз бүгін жеңісті қолымыздан жіберіп алдық. Бүгінгі матчта қорғаныста да, шабуылда да ойынымыз жүрмей жатты. Бірақ соосын жағдайымыз біршама жақсарып, мүмкіндіктер туындай бастады. Сондай бір мүмкіндіктің бірінде гол соғып алдық. Чемпионатта демалыс кезінде жаңа ойыншылар келіп қосылды. Содан болар қорғанысымыз сыр берді. Гол жіберіп алдық., Таблода  1:0 есебі тіркелгенде тағы бір гол соғып алуымыз керек еді.

Ойын барысында ортаңғы шеп нашар ойнай бастады. Ойыншы алмастырғанымен шабуылға әсер етпеді. Бұрынғыдай мүмкіндіктер болды, бірақ бәрі сәтсіз. Бүгінгі ойында барлығына өзінің сбептері бар. Қарсыласымыз да тәуір қарсылық көрсетті. Қарсы шабуылдары өткір болды, қапталдан сытылып қауіпті соққылар жасады», - деді Никитенко клубтың ресми сайтына.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или