ФИФА басшысы 2015 жылы орнынан кетеді

ФИФА басшысы 2015 жылы орнынан кетеді

Сан-Пауладағы кездесу барысында еуропалық футбол шенеуніктері ФИФА басшысы Йозеф Блаттердің сыбайлас жемқорлыққа қатысты дау туындауына байланысты келесі жылы отставкаға кетуін талап етті. Олардың айтуынша, мұның бәрі ұйымның беделін төмендеткен, деп хабарлады Би-би-си.

Голландиялық футбол қауымдастығының басшысы 78 жастағы Михаэль ван Прааг Блаттер 2015 жылы ФИФА президенті сайлауына өз кандидатурасын ұсынып қажеті жоқ, деп мәлімдеді.

Англиядағы Футбол қауымдастығының президенті Грег Дайк Катарды 2022 жылғы футболдан әлем чемпионатын өткізу елі ретінде сайлауына байланысты нәсілшілдікке салынып сыбайлас жемқорлық жасады деп айыптады деген Блаттердің сөзін сынға алды.

Блаттер Сан-Паулада өткен ФИФА конгресінде УЕФА өкілдерімен кездесті. Ол бес басқа футбол конфедерациясынан қолдау күткен.

Грек Дайктың айтуынша, ол Блаттерге: «Айыптаудың нәсілшілдікке еш қатысы жоқ; бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы айып. Тыңғылықты тергеу жүргізіп, барлық сұрақтарға жауап табуға болады», - деген.

«ФИФА-ға теріс әсерін тигізетін жөнсіз сындарды тоқтатып, істің байыбына барып, қарап, түсінуге тырысу қажет», - деп мәлімдеді ФИФА басшысына Дайк.

Блаттер делегаттарға келесі жылы ФИФА президентін сайлау кезінде оған өзінің қатысатыны жайында хабарлаған. Алайда Михаэля ван Прааганың пікірінше, Блаттерге орынтағын босататын уақыт жеткен сияқты.

«Соңғы жылдары болған жағдайларға байланысты ФИФА-ның беделі түсіп кетті», - деп мәлімдеді Нидерланды футбол қауымдастығының басшысы.

«ФИФА-ны тек кейбірі ғана дұрыс қабылдайды, бұған қалай қарасаңыздар да, барлығына кінәлі Блаттер. Халық ФИФА-ны сыбайлас жемқорлыққа, параға, тамыр-таныстыққа жол береді деп айыптауда», - деп санайды Ван Прааг.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или