Маскерано «Барселонамен» келісім-шартын ұзартты
<p style="text-align: justify;">
<strong>«Барселонаның» жартылай қорғаушысы Хавьер Маскерано командамен келісім-шартын 2018 жылға дейін созды. Сонымен қатар, келісімде тағы бір маусымға созу туралы тармақ бар.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Каталондық клубтың ресми сайты келісім-шартқа қол қойылғанын, егер бұзылған жағдайда берілетін төлем 100 миллион еуроны құрайтынын хабарлады.</p>
<p style="text-align: justify;">
Айта кетерлік жайт, аргентиналықтың «блаугранаспен» алдыңғы келісімі 2016 жылға дейін жасалған болатын. Осы маусымда Маскерано «Барселона» сапында 37 ойында алаңға шықты.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или