Самедов: «Копеллоның қол астында ойнағанымды айтып, немерелеріме мақтанамын»
<p style="text-align: justify;">
<strong>«Локомотив» пен Ресей құрамасының жартылай қорғаушысы Александр Самедов қартайғанда балаларына атақты маман Фабио Капелломен жұмыс жасағанына мақтанатынын айтты.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
«Капелло менің «Миланның» жанкүйері екенімді біле ме? Білмейтін шығар, арамызда бұндай әңгіме болған жоқ. Мен «Миланға» 1994 жылы Чемпиондар лигасын жеңіп алғаннан бері жақтасып келем. «Барселонаны» 4:0 есебімен жеңген еді. «Миланды» сол кезде Капелло жаттықтыратын. Осындай бапкерпен бірге жұмыс істеу - орындалған арман ғана емес. Бұл немерелерім үшін үлкен әңгіме. Өсіп, дон Фабионың кім екенін білгенде: «Мен сол Копеллода ойнағанмын!» - деп айтамын. Осындай бапкердің командасында ойнағаныма мақтанамын», — деді Самедов.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или