Трифунович «Атырауға» жеңіс сыйлады

Ел біріншілігінің 15-ші туры аясында «Атырау» мен қарағандылық «Шахтер» кездесті.

Бұл кездесу голға толы болды. Алайда бірінші таймда тек бір ғана гол соғылды. Алаң иелері сапынан Андрей Карпович көзге түсті. Екінші тайм басталысымен «мұнайшылар» есепті еселеді. 63-ші минутта Милош Блажич «Шахтер» қақпашысы Покатиловтың қақпасынан екінші рет допты алып шығуға мәжбүр етті. Бірақ Белявский шәкірттері таблодағы есепті ұстап тұра алмады. «Кеншілер» сапынан алдымен 74-ші минутта Яго Фернандес есепті қысқартса, төрт минут өткеннен кейін Тоқтар Жаңғылышбай таблодағы есепті теңестірді. Ал матчтың 88-ші минутында «Шахтер» қақпасына 11 метрлік айыпдобы белгіленіп, Милош Трифунович мүмкіндігін сәтті пайдаланды. Осылайша қызықты өрбіген ойында «Атырау» қиындықпен өз алаңында «Шахтерді» жеңді.

Премьер-Лига. 15-ші тур.

«Атырау» (Атырау) - «Шахтер» (Қарағанды) - 3:2 (1:0)

Голдар: Карпович 35', Блажич 63', Фернандес 74', Жаңғылышбай 78', Трифунович 88'

Төрешілер: Руслан Дузмамбетов (Өскемен), Санжар Ысқақов (Қостанай), Александр Полуэктов (Тараз)

Қосалқы төреші: Артём Волков (Атырау)

Инспектор: Юрий Ярышев (Павлодар)

01.06.2014 Атырау қ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или