«Ақтөбе» «Ертісті» жеңіп, турнир кестесінде ұзап кетті

«Ақтөбе» «Ертісті» жеңіп, турнир кестесінде ұзап кетті

Қазақстан чемпионы «Ақтөбе» өз алаңында павлодарлық  «Ертісті» тас-талқан етті.

Қазіргі кезде павлодарлық клубтың жағдайы қиындап жүргені құпия емес. Ал Никитенко шәкірттері, керісінше, қарсылас шақ келтірмей келе жатыр. Алайда бұл кездесуде ақтөбеліктер ұзақ уақыт бойы есеп аша алмады. Бірінші гол ойынның 69-шы минутына салынды. Маркос Пиззели Марат Хайруллинді қонақтар қақпашысы Вячеслав Котлярмен бірге-бір шығарып берді. Чемпионардың бомбардирі қателескен жоқ. Екінші қақпаға салынған гол 77-минутта орын алды. Бір рет нәтижелі паспен көзге түскен Пиззели бұл жолы өзі қанжығасын майлады. Ал кездесудің нүктесін он бір метрлік айып добынан Алексанр Гейнрих қойды.

Нәтижесінде, Ақтөбедегі матч алаң иелеріне жеңіс алып келді. Енді батысқазақстандықтар Атырауда жеңілген  «Астанадан» бес ұпайға ұзады. Ал «Ертіс» болса, турнир кестесінің төменгі бөлігінде орналасуын жалғастыра бермек,

«Ақтөбе» - «Ертіс» - 2:0 (0:0)

Голдар: Хайруллин 69, Пиззелли 77, Гейнрих 83

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или