Римо Хунт: «Римо – эстон тілінен аударғанда «қасқыр» деген мағынаны білдіреді»

Римо Хунт: «Римо – эстон тілінен аударғанда «қасқыр» деген мағынаны білдіреді»

Ел чемпионатының 10 туры аясында өткен ойында «Атырау» қақпасына екі гол соғып, командасына жеңісті жұлып әперген эстониялық легионер бұл голдарды жаңа туылған нәрестесіне арнайтынын жеткізді. Клубтың ресми сайтына сұхбат берген шабуылшы Қазақстан чемпионатының ұнап жатқанын айтып, алдағы уақыттарда да жанкүйерлерін голдарымен қуанта беруге уәде берді.

- Римо, ойынның алдында екі гол соғатыныңды сездің бе?

- Шабуылшы болғандықтан сенің міндетің – әр ойында гол соғу ғой. Өзіңіз де білесіз, бұған дейінгі матчтарда да гол соғатын мүмкіндіктерім болған. Бірақ... Ал бұл жолы мен үшін бәрі сәтті болды. Алдымен Яблан орындаған айып соққысынан кейін допқа басымды тосып қалдым. Одан кейін Калинаның пасын голға айналдырдым. Бұл голдарымды өзімнің жаңа туылған нәрестеме арнаймын.

- Бұл сенің екінші ұлың ғой?

- Иә, үлкенім Рафаэль 2,5 жаста. Жұбайыммен Эстонияда. Маусым айында Қызылордаға алып келмекшімін. Шынын айтсам, сағынып кеттім. Көргенше асықпын оларды.

- Айтпақшы, сенің есімің эстон тілінен аударғанда «Қасқыр» деген мағына береді екен ғой...
- Иә, тап солай. Римо – эстонша қасқыр. Сәйкестік пе, тағдыр ма, бүгінде Қасқырлар командасында өнер көрсетіп жүрмін. Мен қазір өз тобырымды тапқан сияқтымын.

- Қазақстан ұнап жатыр ма?
- Иә, Қазақстан өзіндік ерекшелігі бар жақсы ел екен. Астанада, Алматыда болдық, әдемі қалалар. Қызылорда да тамаша қала. Аптаған ыстықтығы таңғалдырып жатыр. Кейде шыдатпай кететін сияқты көрінеді. Бұл әлі бер жағы дейді ғой, осында тұратындар. Ал Эстонияның климаты мұндай емес. Бізде жаз 25 градустың шамасында болады. Жылдың қазіргі мезгілінде термометр бағаны минусты көрсетіп тұруы да мүмкін. Өткенде ойын болған күннің алдында қар аралас жаңбыр жауды.

- Ал тамақтарында ше, айырмашылық бар ма?
- Біздің асымыз – спорттық тағамдар ғой. Сондықтан, жергілікті халықтың ұлттық тағамдарынан әлі дәм татпадық. Оған әлі уақыт табылады деп ойлаймын.

- Енді жасыл алаңға қайта оралайық. Екі елдің футбол чемпионаттарында өзгешеліктер бар ма екен?
- Маған Қазақстан чемпионаты ұнап жатыр. Меніңше, Эстонияға қарағанда деңгейі жоғарылау сияқты. Қай жағынан дейсіз бе?! Бізде командалардың шеберліктері арасында алшақтық көп. Жүлдеге таласатын командалар жылда қайталана береді. Жоғары орында тұрған команда мен төменде орналасқан команда арасында айырмашылық жер мен көктей. Ал Қазақстанда барлық клубтың әлеуеті шамамен бір деңгейде. Соған сәйкес, кез-келген ойын мұнда өте тартысты өтіп жатады.

- Қорғаушылар жағы ше, Қазақстан чемпионатында қорғанысты бұзып өту қиынға соғып жатыр ма, әлде Эстония біріншілігінде қорғаушылар әлдеқайда мықты ма еді?
- Бұл жақта қорғаушылардың барлығы дәу-дәу. Оңайлықпен өте алмайсың. Жалпы, бізде футболшылар соншалықты ірі емес. Жалпы, мына нәрсені айтайын, екі елдің чемпионатын содан-ақ бағамдай беріңіздер, егер Эстонияда жақсы футболшы болса, онда ол бірден басқа елге кетіп қалады. Сіздерде керісінше, мықты ойыншылар келіп жатады. Бізде ұлттық құрамалардың ойыншылары өзге чемпионаттарда ойнайды, ал сіздерде өз біріншіліктеріңізде өнер көрсетіп жүр.

- Сонымен, Қазақстан чемпионатына толық бейімделіп үлгердің бе?
- Команданың негізгі құрамында алаңда әлі соншалықты көп уақыт өткізе қойған жоқпын. Толық үйренісіп кетуге кішкене уақыт қажет болатын шығар. Адаптациялық кезеңнен өтіп алуым керек. Сонда бәрі жақсы болады деп ойлаймын.

- Сізде маусым барысында өзге елдердің командаларынан да шақыртулар болды. Неліктен Қазақстанды таңдадыңыз?
- Иә, ұсыныстар аз болған жоқ. Германия, Чехия, Польша, Израиль чемпионаттарының клубтары да шақырды. Өзіңіз айтпақшы, Қазақстанды таңдап, «Қайсарда» өнер көрсетуге бел будым. Бұған бір жағынан отандасым Сергей Мошниковтың да осында ойнауы әсер етті. Бапкерлер алқасының футболға деген көзқарасы да ұнады.

- Енді келесі ойын «Жетісумен». Бұл кездесуден не күтуге болады?
- Мен қарсыласқа аса мән бермейді екенмін. Кімге қарсы ойнасам да, мақсатым – гол соғу, жеңіске жету. «Жетісуды» да жеңіп, жанкүйерлерді қуантқымыз келеді.

fckaysar.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или