Саулюс Ширмялис: «Екі жарысқа да қойылатын мақсат – тек жеңіс!»

Саулюс Ширмялис: «Екі жарысқа да қойылатын мақсат – тек жеңіс!»

Алдағы сенбі күні Қазақстан Премьер-Лигасының кезекті 11-ші туры аясында өтетін «Оңтүстік дерби» ерекше көзге түседі. Тараз қаласында жергілікті команда шымкенттік «Ордабасыны» қабылдайды. Бұл кездесуде Саулюс Ширмялис шәкірттеріның кестедегі орнына қарап фаворит ретінде қарастырамыз.

«Ордабасының» бас бапкері Саулюс Ширмялистің клубтың ресми сайтына берген сұхбаты: «Бұл маңызды кездесу болғанымен, матчқа ерекше бір дайындалып жатқан жоқпыз. Бәрі ойдағыдай. Кейбір жетіспейтін жерлерді дайындап жатырмыз. Жаңа бапкерлер құрамы келгелі толық апталық жаттығу өткізбептік. Ең үлкен мәселе осы болып тұр. Әр үш күн сайын матч. Ойынды бір нақышқа келтіріп алу керек, ал оған уақыт жоқ. Сондықтан жігіттердің намысын қайраудамыз. Тағы да ойын барысында орын алатын кейбір қателіктерді жөндеп, қайталамауға тырысамыз»

Саулюс Ширмялис алдағы Кубок жолындағы «Таразбен» кездесу жөнінде бірер ауыз ойын айтты:  «Ешқандай жағдайда чемпионат үшін кубок ойындарын екінші орынға қоймаймыз. Чемпионатты басты назарға аламыз деп кубоктан айырылып қалғымыз келмейді. Қосалқы құрамда отырған ойыншылар үшін мүмкіндік туып қалар. Бірақ бұл олар негізгі құрамдағыларға қараған нашар екенін білдірмейді. Екі жарысқа да қойылатын мақсат – тек жеңіс!»

«Ордабасы» клубының баспасөз-қызметінің ақпаратынан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или