Владимир Вайсс: «Қазақ жігіттері легионерлерден жақсы ойнады»

Футболдан ел чемпионатының 10-шы турындағы Қайрат-Шахтер кездесуі аяқталғаннан кейін өткен баспасөз-маслихатын назарлыңызға ұсынамыз.

«Шахтердің» бас бапкері, Виктор Кумыков:

- «Қайрат» ойын тізгінін өз қолында ұстады, жеңіске лайық өнер көрсетті. Өкінішке қарай, өз ойынымызды көрсете алмадық.

- Ойынның тағдырын ерте соғылған гол шешті ме? Бұған қоса, кейбір ойыншыларыңызды ерте алмастырдыңыз.

- Футболшылар дұрыс аяқ-киім кимеді, күлкілі жайт. Кәсіпқой футболшылар, бірақ дұрыс аяқ-киім таңдай алмады. Олар киіп шыққан бутсылар залда ойнауға арналған. Өзіміз кіңәліміз.

- Финонченко неліктен негізгі құрамда шықпады?

- Жарақатына байланысты негізгі құрамда шықпады. Біз оны кездесуге шығарымыз деп ойламадық, алайда ойынға қосуға мәжбүр болдық.

- Былтырғы маусымда «Шахтер» «Қайратпен» ойында үш доп айырмасын қайтарған болатын. Бұл жолы ештеңе шықпады. Себебі неде?

- Топчагич өз ойынын таба бастағынында жарақат алды. Мұрзоев жарақатынан енді айықты, жалпы шабуылда ойын жүрмеді. Бұның бәрін білеміз. Қаражатымыз көп емес, сондықтан жазда Еуропа чемпионаттары аяқталғанда арзан жақсы ойыншыларды сатып алуға тырысамыз. Қазірде, ұпайымыз жеткілікті. Мақсатымыз - үздік алтылыққа кіру. Еурододаға дейін команда толығымен жасақталады деп ойлаймын. Бұған дейін өз ойынымызды табамыз.

«Қайраттың» бас бапкері, Владимир Вайсс:

- Бүгінгі ойын маған ұнады. Шабуылда жақсы ойнадық, командаға өз алғысымды білдіремін. Жанкүйерлерімізге көп рахмет. Плиев, Бакаев, Исламхан өз ойындарын енді-енді табуда. Қазақ жігіттері бүгін легионерлермен салыстарғанда жақсы ойнады. Бұл жайт мені қуантады. Ең бастысы үш ұпайды олжаладық. Ақтөбеде дәл осындай жақсы ойын көрсетіп едік, бірақ сәттілік жетіспеді. Жанкүйерлерімізге көп көп рахмет.

- Командаңыз екінші голды соққанда, былтырғы «Шахтермен» өткен ойын есіңізге түскен жоқ па?

- Футболда бәрі мүмкін. «Шахтер» бізді қыспаққа алды, бірнеше мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмады. Сондай-ақ, олардың сапында бойы ұзын ойыншылар көп және Вичюстің алтын қолы бар. «Шахтер» өте мықты команда, олармен ойнау ылғи да ауыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или