Құлшынбаев жұмыстан босату туралы арыз жазды
<p style="text-align: justify;">
<strong>Семейлік «Спартактың» бас бапкері Алмас Құлшынбаев қызметінен босату туралы өтініш жазды. </strong></p>
<p style="text-align: justify;">
«Иә, расымен де, жұмыстан босату туралы арыз жаздым. Бұның басты себебі - команданың жақсы нәтиже көрсете алмауында. Бұл туралы менің айтқым келмейді. Мен жақсы жағдай болмаған жерде жұмыс жасай алмаймын. Клуб басшылығы менің арызымды қабылдайтын шығар. Команда мен менің жолым екі айырылады», - деді Құлшынбаев «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне берген сұхбатында.</p>
<p style="text-align: justify;">
Естеріңізге сала кетсек, «Спартак» былтыр «Востокты» жеңіп, Қазақстан Премьер-лигасына оралған болатын. Қазіргі кезде семейлік клуб турнир кестесінің түбінде жайғасып тұр.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или