Ресми: «Астанаға» Исландия құрамасының ойыншысы ауысты

Ресми: «Астанаға» Исландия құрамасының ойыншысы ауысты
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» футбол клубы Исландия құрамасының жартылай қорғаушысы Рунар Мар Сигурьонссонмен еңбек келісімшартына қол қойды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

28 жастағы жартылай қорғаушы соңғы үш маусымда Швейцария чемпионатында «Грассхопперс» және «Санкт Галлен» командалары сапында ойнаған. Ірімшек пен сағат елдеріне дейін, Сигурьонссон Швеция, Голландия және Исландия чемпионаттарында өнер көрсетті.

Рунар өз елінің құрамасында 22 ойын өткізіп, 1 гол соқты. Құрама сапында 2016 жылғы Еуропа чемпионатына қатысты.
Соңғы маусымда орталық жартылай қорғаушы «Грассхопперс» үшін 16 ойын өткізіп, 5 голдық пас берді.
«Астана» құрамына исландиялық еркін агент ретінде ауысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер