«Қайсар» шабуылшысы: Бұл - осы маусымдағы ең сәтсіз кездесу
<span>Қызылордалық «Қайсардың» жас шабуылшысы Өркен Махан Қазақстан Премьер-лигасының 14-турында «Астанаға» қарсы ойнады. Бұл форвардтың Премьер-лигадағы дебюті болатын. </span>
«<span>Астана - Аренадағы ойын біз үшін сәтсіз аяқталды. Тіпті бұл матчты маусым барысындағы ең сәтсіз кездесу ретінде санаймын. Ел чемпиондарына қарсы ойынға мүмкіндік беріп, алаңға шығарғаны үшін бапкерлерге алғысымды айтамын. Дегенмен дебюттік ойынымда жеңіліске ұшырағанымыз өкінішті.</span><span> Кездесудің екінші бөлігінде гол соғатын біршама мүмкіндігіміз болғанымен, жүзеге асыра алмадық. Бұл нәтижені естен шығарып, алдағы шешуші ойындарға дайындықты бастаймыз</span>», - деді Махан клубтың баспасөз қызметіне.
Айта кетейік, елордалық команда қызылордалықтарды 4:1 есебімен жеңген болатын.