Роман Григорчук: Еурокубок алдында бізге құрамды күшейту керек
«Астананың» бас бапкері Роман Григорчук «Қайсармен»(4:1) қарсы матчтан кейін журналистерге сұқбат берді.
Бүгінгі күн біз үшін сәтті болды. Жеңіске жеттік, төрт доп соқтық. Қуануға негіз бар, бірақ ертеңнен бастап жұмысқа кірісеміз.
- Бүгін не себепті Джуниор Кабананга алаңға шықпады?
Кішігірім жарақаты болды. Сондықтан алаңға шығып, тәуекелге баруды құп көрмедік.
- Еурокубок та жақындап қалды. «Астана» 100 пайыз дайын деп ойлайсыз ба?
Осыған дейін бірнеше рет айтқам. Бізге құрамды нығайты түсу керек. Қазіргі таңда процес жүріп жатыр. Нәтижесін кейін көре жатармыз.
- «Астана» алғашқы алтылықтағы командаларды жеңеді. Алайда, екінші алтылықтағы ұжымдарға қарсы матчтарда жиі сүрінеді. Бұны мотивациямен байланыстырасыз ба?
<span>Оған бірнеше себеп бар. Біз оларды білеміз. Барлық қиыншылықтарды артта қалдырамыз деп ойлаймын. </span>