Нұрғалиев Премьер лигадағы 400-матчын өткізді

Нұрғалиев Премьер лигадағы 400-матчын өткізді

Ел біріншілігінің 14-туры аясында өткен «Ақтөбеге» қарсы ойында қостанайлық «Тобылдың» ойыншысы Азат Нұрғалиев Премьер лигадағы <span>400-матчын өткізді.</span>

<span>Шымкент футболының үздік түлектерінің бірі ел чемпионатындағы алғашқы ойынын 2004 жылы өткізді. Ол кезде Азат әлі «Ордабасы» сапында доп тебетін. Туған командасында Нұрғалиев жалпы 205 матч өткізді. </span>

<span>Бұдан бөлек «Сұңқар» (9 матч), «Жетісу» (9 матч) және «Астана» (11 матч) командаларында өнер көрсетті. Ал «Тобыл» сапында 166 ойынға қатысты.</span>

Қазақстан құрамасының ойыншысы осы 400 кездесуде 74 гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или