Месси бастаған Аргентина Колумбияға жол берді. Видео

Месси бастаған Аргентина Колумбияға жол берді. Видео

16 маусымда Сальвадорда Америка кубогының топтық кезеңі аясында Аргентина мен Колумбия құрамалары кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

В тобының матчы колумбиялық команданың жеңісімен аяқталды – 2:0. Алғашқы голды Роджер Мартинес 71-минутта соқты. Ал кездесудің соңына қарай Дуван Сапата колумбиялықтардың басымдығын ұлғайтты.

Енді Аргентина құрамасы Парагваймен, Колумбия Катармен кездеседі. Екі матч та 20 маусымға қараған түні өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или