Қазақстандық бапкердің командасы қатарынан тоғыз матчта жеңіске жетті
Қазақстандық бапкер Владимир Чебурин жаттықтыратын литвалық «Судува» ұлттық чемпионаттың 14-турында өз алаңында «Паневежисті» 2:1 есебімен ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Кездесудің басында қонақтар есеп ашқан. Бірақ екінші таймда «Судува» сапынан Овидижус Вербискас пен Паулиус Голубискас гол соғып, алаң иелеріне жеңіс сыйлады.
Осы жеңістен соң «Судува» 36 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап келеді. Олар екінші орындағы командадан бес ұпайға озып тұр.
Айта кетейік, Чебуриннің командасы чемпионатта қатарынан тоғыз матч бойы жеңіске жетіп келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или