«Ақтөбе» - «Тобыл» матчына 7 мың жанкүйер келген

«Ақтөбе» - «Тобыл» матчына 7 мың жанкүйер келген

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 14-турындағы «Ақтөбе» мен қостанайлық «Тобыл» матчын стадионнан қанша адам тамашалағаны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ақтөбелік клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбедегі Қобыланды батыр атындағы стадионда өткен матчқа 7000 жанкүйер келген.

Кездесуде алаң иелері қонақтарға 0:1 есебімен жол берген болатын. «Ақтөбе» биылғы маусымда -5 ұпаймен, турнир кестесінде соңғы орында келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или