Футболдан Қазақстан кубогының финалын қабылдауы мүмкін қалалар аталды

Футболдан Қазақстан кубогының финалын қабылдауы мүмкін қалалар аталды

Футболдан 2019 жылғы Қазақстан кубогының финалы Тараз қаласында өтуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

<span>Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы басшылығы командалардың спорттық директорларымен футболдан Қазақстан кубогы финалы өтетін стадионды сарапқа салды. Кубок сарапқа салынатын кездесу финалда сынға түсетін командаларға бейтарап алаңда өтуі тиіс. </span>

<span>Естеріңізге сала кетелік, қазіргі күні футболдан Қазақстан кубогы жартылай финалына Қостанайдың «Тобыл», Қызылорданың «Қайсар», Шымкенттің «Ордабасы» және Атыраудың «Атырау» командалары шықты. Жартылай финалдың алғашқы кездесуінде Шымкентте «Ордабасы» клубы «Атыраумен» 1:1 есебімен тең түссе, Қостанайда «Тобыл» «Қайсарды» 1:0 есебімен тізе бүктірді. Қарымта ойындар 19 маусымда өткізіледі.</span>

<span>Сондай-ақ, финалдық ойын өткізуге үміткерлер қатарында Талдықорған, Қостанай және Павлодар қалаларындағы стадиондар бар. </span>

<span>Айта кетейік, осы уақытқа дейін Алматының «Қайраты» 9 мәрте Қазақстан кубогы иегері атанды. Одан кейінгі орындарда «Астана-1964» (бұрынғы «Жеңіс») пен «Астана» командаларында үш-үштен кубок бар. Ал «Ертіс», «Тараз», «Восток», «Тобыл», «Ақтөбе», «Шахтер», «Атырау», «Қайсар», «Алма-Ата», «Ордабасы», «Достық», «Спартак» (Семей), СКИФ-«Ордабасы» және «Қызылжар» командалары бір-бір мәрте жеңімпаз болды.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или