Зайнутдиновтың алаңға қашан оралатыны белгілі

Зайнутдиновтың алаңға қашан оралатыны белгілі

Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өткен ойындарға дайындық барысында жарақат алған Бактиер Зайнутдиновтың қашан алаңға оралатыны белгілі болды.

Ресейлік «Ростов» сапында доп тебетін Зайнутдинов ұлттық құраманың жаттығу жиыны барсында жарақат алып, Бельгия мен Сан-Мариноға қарсы матчтарға қатыса алмады. Футболшының сөзінше ол бір аптада қатарға қосылып, «Ростовтың» 20-шы маусым күні басталатын жаттығу жиынына қосылады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы ЕУРО-2020 іріктеу кезеңінде Бельгия құрамасына есе жіберіп, Сан-Мариноны жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или