Болгар басылымы: Стойлов ұсынған футболшы үміт ақтамады
Болгарияның «TopSport» басылымы Еркебұлан Сейдахметті сынға алды.
- Сейдахметті <span>«Левски» «Уфадан» жылдың аяғына дейін жалға алды. Әйткенмен, клуб басшылығы бұл футболшыны мерзімінен бұрын ресейлік командаға қайтаруды жөн көрді. «Көктер» сапында бар болғаны үш ойын өткізді.</span>
<span>Еркебұлан Сейдахметті «Левскиге» Станимир Стойлов ұсынған болатын. Алайда, футболшы клуб үмітін ақтай алмады. Жарақат алып, ұзақ емделді. Толықтай сәтсіз трансфер деп атауға болады.</span>
<span>Сейдахмет жақында ұлттық құрамасынан орын ала алмай, жастар құрамасына ауысқан еді - деп жазды басылым. </span>
<span>Еске сала кетейік, Еркебұлан Сейдахмет былтыр «Уфа» сапына ауысып, бұл клубтың жейдесінде төрт мәрте алаңға шыққан болатын. Осы жылдың басында болгариялық «Левски» клубына жалға беріліп, бұл командада үш матчқа қатысқан еді.</span>