Қазақстан ұлттық құрамасы топтағы үшінші орынды сақтап қалды
Төртінші турда Кипр мен Шотландия бірде-бір ұпай еншілей алмады.
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі 4-турда Сан-Мариноны жеңіп, топта үшінші орынға көтерілген еді. Топтың басқа матчтарынан кейін де құрамамыз өз орнын сақтап қалды.
Ұлттық құрама өнер көрсететін I тобын Бельгия 12 ұпаймен бастап тұр. Екінші сатыны еншісінде 9 ұпайы бар Ресей иемденіп тұр.
Бізден кейін Шотландия жайғасқан. Тұманды Альбион өкілдерінде де 6 ұпай болғанымен, доп айырмашылығының көрсеткіші Михал Билек командасына қарағанда нашар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или