«Қайраттың» бұрынғы бапкері тағы да қызметінен қуылды

«Қайраттың» бұрынғы бапкері тағы да қызметінен қуылды

Алматылық «Қайраттың» бұрынғы бапкері Карлос Алос Марокко елінің «ФАР» клубынан кетті.

Бұл туралы испаниялық маман өзінің Instagram желісінде жазды.

<span>«ФАР» маусым қорытындысы бойынша, 16 команданың ішінде 13-ші орынға ғана ие болды. Карлос Алостың бастауымен бұл команда чемпионатта 11 ойын бойы жеңіске жете алған жоқ. Олар соңғы рет 27 ақпанда «Раджа Касабланка» командасын жеңген (2:1).</span>

<span>Айта кетейік, Карлос Алос «Қайратқа» 2017 жылдың 26 шілдесінде келіп, 2018 жылдың қазан айында қызметінен қуылған болатын.</span>

<span></span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или