«Наполи» Хаместі сатып алуы мүмкін
«Реалдың» жартылай қорғаушысы Хамес Родригес мадридтік командадан кетуі ықтимал. Колумбиялық футболшыға италиялық «Наполи» қызығып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Corriere dello Sport ақпараты бойынша италиялық клубтың бас бапкері Карло Анчелотти Хаместі басты трансферлік мақсат қылып отыр. «Реал» өз хавбегін 42 миллион еуродан арзанға сатуға дайын.
«Наполи» 27 жастағы футболшыға бесжылдық келісімшарт дайындап қойды. Трансфер жасалса, Хамес жылына 6,5 млн еуро табады.
Бұған дейін Хамес Анчелоттимен бірге «Бавария» мен «Реалда» жұмыс істеген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или