«Барселона» Халиловичқа келісімшарт ұсынды

«Барселона» Халиловичқа келісімшарт ұсынды

Катaлондық клуб загребтік «Динамоның» 17 жасар ойыншысы Ален Халиловичқа қызығушылық танытып отыр, - деп хабарлайды uefa.com сайты.

Хорватия чемпионатында гол соққан ең жас ойыншыға ипандық клуб бес жылдық келісімшарт ұсынды. Ален Хорватия ұлттық құрамасында бірнеше ойын өткізіп үлгерді және ел чемпионатында 37 матч өткізіп 5 гол соқты. Загребтік «Динамо» сапында УЕФА чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде өнер көрсеткен.

«Әрине, «Барселона» сияқты клубта ойнау әр ойыншының арманы. «Барселонаны» мен жастайымнан жақсы көремін және катaлондық клуб сапында ойнасам деп армандайтынмын. «Динамоға» да айтар алғысым шексіз, себебі үлкен спорттағы алғашқы қадамымды дәл осы клубта жасадым» - деді Халилович.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или