Жанкүйерлер Томасовты мамыр айының үздік ойыншысы деп таныды

Жанкүйерлер Томасовты мамыр айының үздік ойыншысы деп таныды

Қалыптасқан дәстүрге орай «Астана» футбол клубының Вконтакте желісіндегі ресми парақшасында жанкүйерлер мамыр айының үздік ойыншысын дауыс беру арқылы анықтады. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Астаналықтар көктемнің соңғы айында 7 ойын өткізіп, оның төртеуінде жеңіске жетіп, 1 ойында тең түсті.

Жанкүйерлердің басым көпшілігі Марин Томасовқа өз дауыстарын берді. Хорватиялық жартылай қорғаушы мамыр айында үш гол соғып, екі нәтижелі пас беру арқылы команданың осы маусымдағы сұрмергендер көшін бастады.

Екінші орында «Астана» қақпашысы Ненад Эрич. Елорда командасының қақпашысы осы айда үш кездесуде қақпасын «құрғақ» сақтап, бірнеше ойында қарсыластар бағыттаған қауіпті соққылардың бетіп қайтара білді.

Үздік үштікті Дорин Ротариу қорытындылады. Румыния құрамасының жартылай қорғаушысы еншісіне бір нәтижелі пас жазып, шабуыл шебінде белсенді ойын көрсетті.

Үздік бестік:
1.Марин Томасов 46,18%
2.Ненад Эрич 13,9%
3.Дорин Ротариу 8,75%
4.Абзал Бейсебеков 8,2%
5.Роман Муртазаев 6,9%
Сауалнамаға 2 159 адам қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или