«Қайраттың» бұрынғы қорғаушысы мәскеулік «Динамоға» ауысты

«Қайраттың» бұрынғы қорғаушысы мәскеулік «Динамоға» ауысты

Заурбек Плиев «Қайрат» сапында екі маусым, «Астана» қатарында бір жыл ойнаған еді.    

«Динамо» командасына Плиев «Ахмат» клубынан ауысты. Келісімшарт мерзімі 3 жылға жасалған. Өткен маусымда қорғаушы «Ахматта» 19 матч өткізіп, 5 сары қағаз алған екен. 

Еске сала кетейік, Заурбек Плиев алматылық «Қайрат» жейдесінде 46 матчта алаңға шыққан. 4 гол соқты. Сонымен қатар, «Астана» үшін де 21 ойынға қатысып, 1 мәрте қарсылас қақпасына нәтижелі көздеген.          

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или