Голландия - Португалия матчының тікелей трансляциясы

Голландия - Португалия матчының тікелей трансляциясы

Бүгін Ұлттар лигасының финалдық матчы өтеді. Шешуші ойында Голландия мен Португалия турнир жеңімпазын анықтайды. 

Турнирді Португалия елі қабылдап жатыр. Пиреней түбегінің өкілдері жартылай финалда Швейцарияны 3:1 есебімен жеңді. Команда капитаны Криштиану Роналдудың хет-тригі португалдардың финалда ойнауына мүмкіндік берді. 

Голландияның 1/2 финалдағы қарсыласы Англия ұлттық құрамасы болды. Финалға жолдама алатын ұжымды анықтау үшін 120 минут қажет болды. Ол матчта да 3:1 есебі нидерландықтардың пайдасына тіркелді. 

Финалдың тікелей транслициясы 9 маусым күні елорда уақыты бойынша 00:45-те басталады. Матчты тікелей эфирде QazSport телеарнасынан тамашалай аласыздар. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или