«Атлетико» Сусо үшін 40 млн еуро төлеуге дайын
«Атлетико» биыл жазда «Милан» ойыншысы Сусоны сатып алуға ниетті, деп жазады Prosports.kz.
SportMediaset басылымының жазуынша, мадридтік команда Сусо үшін 40 миллион еуро төлеуге дайын.
Айта кетейік, Сусо «Миланға» 2015 жылы «Ливерпулден» 1,3 млн еуроға ауысып келген. Өткен маусымда испаниялық ойыншы 41 матчқа қатысып, 8 гол соқты және 9 нәтижелі пас шығарды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или